Қаз
Фильтр

Биостимуляторлар – бұл өсімдіктердің денсаулығы саласындағы өнімділікті арттыратын инновациялық ғылыми шешім. Препараттардың әсері дақылдардың абиотикалық стресстерге төзімділігін арттыруға бағытталған. Стимуляторлардың әсерінен өсімдіктің алмасу процестерінде өзгерістер болып, метаболикалық реакциялар жеделдейді, бұл сыртқы факторлардан қорғанысты күшейтеді. Қосымша энергия қоры, сондай-ақ биостимуляторлардың төмен молекулалық салмағы метаболизм уақытын қысқартып, реакциялардың жылдамдығын арттырады.

Биостимуляторлардың артықшылықтарының арасында мыналарды да атап өткен жөн:

  • Тамыр жүйесін нығайту. 
  • Оларды егінді қорғаудың интеграцияланған стратегиясымен жұмыс істеуде қолдануға болады. 
  • Минималды экологиялық із. 
  • Қалдық деңгейінің қалыпты көрсеткіштерін сақтау.

Биостимуляторлар дақылдарды зиянкестер мен аурулардан қорғамайды, олар алдын алу (профилактика) құралы ретінде әрекет етеді. 

Биостимуляторды қалай таңдауға болады? 

Құрамын дұрыс таңдау өсімдіктерді нығайтуға, гүлдеу мен пісу мерзімін реттеуге, өнімділікті арттыруға мүмкіндік береді. Сондықтан мыналарды ескеру қажет: 

  • Өңделетін дақылдың ерекшеліктері. 
  • Қандай сәттерді түзету қажет. Мысалы, сыртқы ортаның теріс факторларына төзімділікті арттыру немесе гербицидтердің әсерін бейтараптандыру қажет. 
  • Дақылдың қандай сапалық белгілерін жақсарту керек. 

«АлемАгро Холдинг» мамандары таңдап берген құралдар сізге мол өнім алуға және фермерлік қожалықтың табыстылығын арттыруға көмектеседі.

Неліктен биостимуляторларды «АлемАгро Холдингтен» сатып алған жөн?

2004 жылдан бастап «АлемАгро Холдинг» Қазақстанның агроөнеркәсіптік секторында жұмыс істеп келеді. Біз танымал өндірушілердің (QADAMFerti, AgriTecno, Valagro) биостимуляторларын сатамыз, сондықтан олар барлық құжаттамасымен бірге жеткізіледі. 

Біздің команда фермерлердің агроөнеркәсіп саласындағы жаңа құралдар мен технологиялар туралы хабардарлығын арттыру мақсатында оқыту іс-шараларын өткізеді. Біз инновацияларды енгізуге көмектесеміз, аграрлық жобаларға техникалық және қаржылық қолдау көрсетеміз. Біз үшін ауыл шаруашылығында сапалы жаңа деңгейге шығу үшін сіздерге барынша білім мен мүмкіндік беру маңызды.