- Басты /
- Тыңайтқыштар
Кешіріңіз, қазіргі уақытта таңдалған санат жоқ. Хабардар болыңыз
Гуминді тыңайтқыштар – құрамында ферменттер, микро- және макроэлементтер, дәрумендер, аминқышқылдары, пайдалы микрофлора бар өсімдік және жануар тектес қоспалар.
Олардың ерекшелігі – жинақтау (аккумуляция) қабілетінде. Гуминді заттар энергия мен қоректік заттарды жинақтап, кейін оларды өсімдіктерге береді. Гуматтардың құрамында жаңа жасушалардың түзілуіне, зат алмасуға, сондай-ақ фотосинтезге қажетті жеңіл сіңетін түрдегі азот көп болады.
Гуминді тыңайтқыштардың тиімділігі
Өсімдіктер гуматтарға дамудың бастапқы кезеңінде өте белсенді жауап береді, сондықтан олар жиі тұқымдарды дәрілеу үшін қолданылады. Бұл тұқымның өнгіштігін арттырады, тамыр жүйесінің дамуын ынталандырады және иммунитетті жұмылдырады.
Гуминді тыңайтқыштарды қолдану келесілерге мүмкіндік береді:
- Өсімдік жасушаларындағы алмасу процестерін жеделдетуге, бұл нитраттар мөлшерін азайтуға және қант, дәрумендер, пигменттер, сондай-ақ басқа да құнды заттардың көлемін арттыруға ықпал етеді.
- Дақылдардың оттегін сіңіруін жақсартуға. Тыныс алудың күшеюі арқасында өсімдіктің жерүсті бөлігі мен тамыр жүйесі тезірек дамиды, құрғақ зат шығымы, ақуыз синтезі мен жасушалардың бөлінуі артады.
- Дақылдардың құрғақшылыққа және үсікке төзімділігін арттыруға.
- Топырақтың табиғи құнарлылығын, оның экологиялық тазалығын қалпына келтіруге.
- Ауыл шаруашылығы өндірісіне кететін шығындарды азайтып, оның тиімділігін (рентабельділігін) арттыруға.
Неліктен гуминді тыңайтқыштарға «АлемАгро Холдинг» компаниясынан тапсырыс берген жөн?
2004 жылдан бастап «АлемАгро Холдинг» үздіксіз дамып, нәтижесінде Қазақстанның агроөнеркәсіп саласындағы көшбасшылардың біріне айналды. Біз ауыл шаруашылығында төңкеріс жасау үшін көпжылдық тәжірибе мен инновациялық технологияларды ұштастырамыз. Біздің оқыту бағдарламаларымыз бен семинарларымыз фермерлерге өзекті, ғылыми дәлелденген білім беруге бағытталған. Бізбен бірге сіз өндіріс ауқымын кеңейтуге, оның тиімділігін арттыруға және экспорттық деңгейдегі өнім өсіруге барлық мүмкіндіктерді аласыз.
Біз аграрлық жобаларға техникалық қолдау көрсетеміз, мониторинг жүргіземіз және қаржылай сүйемелдеуді жүзеге асырамыз. Бізде мамандары топырақ пен өсімдіктерге кешенді талдау жасайтын жылжымалы зертхананың келуіне тапсырыс беруге болады. «АлемАгро Холдингтен» гуминді тыңайтқыштарға тапсырыс бере отырып, сіз олардың түпнұсқа екендігіне сенімді бола аласыз. Біз тек сенімді өндірушілермен жұмыс істейміз, ал барлық өнімнің ілеспе құжаттамасы бар.
