- Басты /
- Өсімдік қорғау құралдары
Тұқымды егіс алдындағы дайындау – ауыл шаруашылығы дақылдарын өсірудегі маңызды кезеңдердің бірі. Осының арқасында тұқымдық материалдың өнгіштігі артып, өсімдіктердің ауруларға және қоршаған орта жағдайларына бейімделуі жақсарады. Тұқым өңдеу құралдарын пайдалану дақылдардың дамуына жақсы бастама береді.
Тұқым өңдеу құралдарының артықшылықтары:
- Агробизнестің табыстылығын арттыру. Тұқымдық материалды өңдеу тіпті қолайсыз жағдайларда да көктеп шығуын тездетеді.
- Өнім сапасын арттыру. Егіс алдындағы дайындық сау көскіндердің пайда болуының кепілі болып табылады және тамырдың өсуін ынталандырады.
- Аурулардан қорғау. Біздің каталогта фузариоз, пенициллез, ризоктониоз, қара күйе, шірік және зеңге қарсы тұқым өңдеуге арналған препараттар бар.
Көбінесе тұқымдық материал дайын немесе сұйытылған ерітіндіге батыру әдісімен өңделеді. Кейбір өндірушілер дәрілеуді бақылау үшін бояғыш қосады.
Тұқым өңдеу құралдары әсер етуші затына қарай ерекшеленеді, сондықтан олар өсімдіктің ерекшеліктерін, аймақтың климатын, сондай-ақ қажетті нәтижені ескере отырып таңдалады. «АлемАгро Холдинг» компаниясының қызметкерлері препараттарды қолдану мәселелері бойынша сізге кеңес береді.
Неліктен тұқым өңдеу құралдарын «АлемАгро Холдингтен» сатып алған жөн?
- Агробизнес саласындағы жұмыс тәжірибесі. 2004 жылдан бастап біздің компания Қазақстандағы көптеген фермерлік қожалықтардың сенімді серіктесі болып табылады. Біз әрқашан өз клиенттерімізге табысқа жетуге көмектесуге дайынбыз.
- Жеке білім беру бағдарламалары мен семинарлар. Біз үшін фермерлермен біліміміз бен практикалық тәжірибемізді бөлісу маңызды. Біз сіздің бизнесіңіздің әлеуетін ашу үшін жаңа техникалар мен құралдарды үйретеміз, соңғы зерттеулер туралы айтамыз.
- Мобильді зертхана. «АлемАгро Холдинг» мамандары топырақ пен өсімдіктерге талдау жүргізу үшін егістікке шығады.
- Техникалық қолдау, мониторинг, аграрлық жобаларды қаржыландыру.
- Тиімділігі зерттеулермен расталған тұқым өңдеу препараттарын сату. Біз Avgust, BASF, Bayer және т.б. брендтермен жұмыс істейміз.
Бізбен бірге сіз агробизнесті жүргізудің жаңа деңгейіне шығасыз, ауқымыңызды кеңейтіп, тұрақты табыс табасыз.















