Қаз
Фильтр
Мәдени дақыл
Өнім түрі
Өндіруші

Кеміргіштер мен құстардың санын бақылау, өсімдіктерді аурулар мен зиянкестерден дер кезінде қорғау – мұның бәрі өнімді сақтауға мүмкіндік береді, сондықтан пестицидтер деп аталатын заттар әзірленеді. 

Пестицидтердің артықшылықтары 

  • Өсімдік ауруларының алдын алады. Препараттарды қолданудан бас тартқан жағдайда өнімнің 50% — 80%-на дейін жоғалтуға болады. 
  • Дәнді дақылдармен, көкөністермен және жемістермен қоректенетін жәндіктер мен кеміргіштер популяциясын бақылау. 
  • Өнім құнының төмендеуі, өйткені төмен өнімділік бағаның өсуіне әкеледі, бұл өз кезегінде адамдардың аз сатып алуына байланысты фермер табысының азаюына соқтырады. 

«АлемАгро Холдинг» компаниясының каталогынан сіз тиімділігі зерттеулермен расталған пестицидтерді сатып ала аласыз. Біз Bayer, QADAM, Syngenta, Corteva Agriscience және басқа да өндірушілерден жеткізілімдерді ұйымдастырдық. Біздің команда сіз үшін өсімдіктерді зиянкестерден барынша жақсы қорғайтын құралдарды таңдап береді. 

Пестицидтердің түрлері 

Химиялық заттарды фумигациялау, аэрозольді бүрку, себу, шашу, топыраққа түйіршіктерді салу және тозаңдату әдістерімен қолдануға болады. 

Компоненттеріне байланысты олар келесідей бөлінеді: 

  • Химиялық немесе минералдық. Олардың артықшылықтарының арасында ұзаққа созылатын қорғаныс кезеңімен үйлесетін жоғары тиімділікті атап өткен жөн. 
  • Органикалық немесе органикалық-синтетикалық. 
  • Өсімдік, саңырауқұлақ, бактериялық препараттар, олардың негізі – табиғи заттар. 

Пестицидтер әсері бойынша іріктелмелі (селективті) болуы мүмкін, яғни тек зиянкестердің немесе арамшөптердің белгілі бір түрлеріне ғана әсер етеді. Біздің каталогта пайдалы жәндіктерге зиян тигізбей, тек ауыл шаруашылығы өсімдіктерімен қоректенетін зиянкестерге ғана әсер етедін құралдар бар. Зиянкестердің кең ауқымымен күресуге бағытталған жаппай әсер ететін өнімдер де әзірленген. 

Неліктен пестицидтерді «АлемАгро Холдингтен» сатып алған жөн? 

«АлемАгро Холдинг» компаниясы Қазақстанда 2004 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Осы уақыт ішінде біз агроөнеркәсіптік кешенде жетекші позицияларға ие болып, білікті қызметкерлер командасын жинап, жеке оқыту бағдарламаларымызды әзірлей алдық. Біз үшін фермерлерді тиімді пестицидтермен қамтамасыз етіп қана қоймай, өнімділікті арттыруға көмектесу, біліммен бөлісу, инновациялық құралдар мен технологияларды пайдалануға үйрету маңызды.