- Басты /
- Өсімдік қорғау құралдары /
- ПУМА СУПЕР 7,5

ПУМА СУПЕР 7,5
Тағайындалуы
Арпа мен бидайды өскіндер шыққаннан кейін жарма тұқымдас (дәнді) арамшөптердің кең спектріне қарсы өңдеуге арналған жоғары селективті гербицид.
Артықшылықтары
Жоғары тиімділік: жарма тұқымдас арамшөптердің кең спектріне қарсы белсенділік;
Өңделетін дақылға селективтілігі: антидоттың болуы;
Қолдану мерзімдерінің кең ауқымы;
Ауыспалы егісте қолдануға шектеулердің болмауы: топырақта тез ыдырайды;
Сенімділік: бүкіл әлем бойынша әртүрлі топырақ-климаттық аймақтарда кеңінен қолдану тәжірибесімен расталған.
Әсер ету механизмі
Жүйелі әсер ететін гербицид. Препарат қолданғаннан кейін 1–3 сағат ішінде өсімдіктің жер үсті мүшелері арқылы сіңіріледі. Биохимиялық деңгейде гербицид жарма тұқымдас арамшөптердің меристемалық ұлпаларындағы май қышқылдарының биосинтезін тежейді. Бұл жасуша мембраналарының түзілуіне кедергі келтіріп, арамшөптердің өсуін тоқтатуға және жойылуына әкеледі.
Препаративтік формасы
Құрамында 69 г/л феноксапроп-П-этил және 75 г/л мефенпир-диэтил (антидот) бар сулы-майлы эмульсия.
Химиялық класы
Гербицидтердің антидоттары + арилоксифеноксипропионаттар
Қолдану тәсілдері
Вегетациялық кезеңдегі арамшөптерді олардың 2 жапырақ фазасынан бастап түптенуінің соңына дейін бүрку (дақылдың даму фазасына байланыссыз).
Әсердің біліну мерзімі (ескертпелер)
Енгізілгеннен кейін арамшөптердің жапырақтарына тез өтеді және іс жүзінде бір тәуліктен соң біржылдық жарма тұқымдас арамшөптердің дақылмен бәсекелестігін айтарлықтай жояды. Сезімтал арамшөптердің толық жойылуы ауа райы жағдайларына байланысты бүркігеннен кейін 10–15 күн ішінде жүреді.
Жарамдылық мерзімі
Өндірілген күннен бастап кемінде 3 жыл.
Қаптамасы: 5 л.
Өндіруші:
Bayer
Өнім түрі:
Гербицидтер



