Қаз
КИНТО ДУО

КИНТО ДУО

Тағайындалуы

Тамыр шірігіне қарсы тендессіз тиімділікке ие, дәнді дақылдардың тұқымдарын өңдеуге арналған фунгицидтік препарат.

Артықшылықтары

Кешенді бақылау: тамыр шірігі кешенін (фузариозды-гельминтоспориозды) және қар көгін тамаша бақылау;
Жоғары көрсеткіштер: өнгіштік пен қыстап шығудың жоғары көрсеткіштері;
Тендессіз тиімділік: дәнді дақылдарды өсірудің экстремалды жағдайларындағы (дәнді дақылдармен қаныққан ауыспалы егістер; топырақты ең аз өңдеу; топырақтағы саңырауқұлақ инфекциясының жоғары қоры) тендессіз тиімділік.

Әсер етуші заты

Прохлораз (60 г/л) + тритиконазол (20 г/л)

Препаративтік формасы

Суспензия концентраты (СК)

Әсер ету механизмі

Прохлораз тұқым қабығында және тұқымның алейрон қабатында болатын инфекцияның жойылуын қамтамасыз етеді. Прохлораздың өңделген тұқым айналасындағы топырақ қабатына жартылай қайта таралу ерекшелігінің арқасында топырақта сақталатын ең маңызды патогендерді тиімді бақылауға қол жеткізіледі. Тритиконазол инфекцияны тұқым бетінде де, оның терең ішінде де тиімді түрде тежейді, бұл тозаңды қара күйе мен тұқым арқылы берілетін басқа патогендерді бақылау үшін өте маңызды.

Қолдану жөніндегі ұсынымдар

КИНТО Дуо препаратын ең күрделі жағдайларда дәнді дақылдарды қорғаудың ең сенімді тәсілдерінің бірі ретінде пайдаланыңыз: ауыспалы егістің дақылдармен жоғары қанығуы (аңыздардың қалдықтарында патогендердің және топырақта тамыр шірігі қоздырғыштарының сақталуы); топырақты ең аз өңдеуді немесе no-till технологиясын пайдалану (топырақта тамыр және тамыр түбі шірігі қоздырғыштарының жиналуы).

Сапалы қолдану мынадай шарттар сақталған кезде мүмкін болады: шаңнан және қоспалардан тазартылған тұқымдарды пайдалану, бұл препараттың өңделетін бетке жақсы жағылуын қамтамасыз етеді және улағыштың ысырап болу қаупін азайтады; КИНТО Дуо препаратын қолдану кезіндегі жұмыс ерітіндісінің мөлшері 1 тонна тұқымға кемінде 8-10 литр болуы тиіс. Су көлемі тиісінше 8,0-7,5 литрді құрайды.

Өндіруші:

BASF СЗР

Өнім түрі:

Гербицидтер