Қаз
Виволт

Виволт

АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ
Виволт® ББЗ гербицидтерді қолдану үшін қолайлы жағдай жасап, олардың әсер ету тиімділігін арттырады.
Өрт қаупі жоқ;
Қоршаған ортаға қауіпсіз;
Коррозия тудырмайды;
Ұшпайды.
ПРЕПАРАТТЫҢ СИПАТТАМАСЫ
Изодецил спиртінің этоксилатының 90% сулы ерітіндісі. Сақтау мерзімі — 3 жыл. Қаптамасы — 5 л канистр.

ӘСЕР ЕТУ МЕХАНИЗМІ
Виволт® ББЗ тамшылардың беткі керілуін төмендетіп, жапырақ бетінің жабылу ауданын ұлғайтады және сіңіру (абсорбция) аумағын арттырады. Виволт® ББЗ қолдану кутикула арқылы енуге ықпал етіп, сульфонилмочевина тобының гербицидтерінің арамшөп жапырақтарына енуін едәуір жылдамдатады.

ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Гербицидтерді Виволт® ББЗ-мен бірге қолдану олардың тиімділігін арттыруға ықпал етеді.

Жұмыс ерітіндісін дайындау
Бүріккіш багын жартысына дейін сумен толтырып, араластырғыш жұмыс істеп тұрған кезде пестицидтерді қосады. Содан кейін араластырғышты тоқтатып, Виволт® ББЗ қосады. Бұдан кейін бакқа қажетті көлемге дейін су құйып, араластырғышты қайта іске қосады.

Қолдану регламенті
Виволт® ББЗ жұмыс ерітіндісінің шығыны 200–300 л/га болған жағдайда 0,1% концентрацияда (100 мл/100 л су) қолданылады.

Құрғақ әрі ыстық жағдайларда жүгері егістіктерін астық тұқымдас арамшөптерден қорғау үшін Виволт® ББЗ қолдану нормасын 300 мл/га дейін арттырып, жұмыс ерітіндісінің шығынын көбейту ұсынылады.

МАҢЫЗДЫ!
Виволт® ББЗ препаратын гербицидтермен бак қоспасында қолданыңыз. Қолданар алдында қаптамадағы заттаңбаны мұқият оқып, қолдану жөніндегі ұсыныстарды орындаңыз!

ҚОСЫМША
Беттік-белсенді заттар ауыл шаруашылығында, косметикада және тұрмыстық химияда ғана емес, сонымен қатар былғары және тоқыма өнеркәсібінде статикалық электрді жою үшін, қағазды өңдеуде, тамақ өнеркәсібінде өнімдердің дәмдік қасиеттерін жақсарту үшін, сондай-ақ медицинада антисептик ретінде қолданылады.

Өндіруші:

Corteva Agriscience

Өнім түрі:

Гербицидтер