- Басты /
- Өсімдік қорғау құралдары /
- Цериакс Плюс

Цериакс Плюс
Пираклостробин саңырауқұлақ жасушасында энергияның түзілуін бөгеп, патогеннің өніп келе жатқан конидиялары мен мицелийінің жойылуына әкеледі; инфекцияның өсімдікке енуіне жол бермейді (қорғаныш әсері).
Эпоксиконазол саңырауқұлақтың жасушалық мембраналарының түзілуін тежейді, соның салдарынан оның әрі қарай өсуі мен дамуы мүмкін болмайды; патогеннің жапырақ ішінде дамуы мен таралуын тоқтатады (емдік әсері).
Ксемиум патоген ағзасындағы трикарбон қышқылдары циклін бұзып, оның өнуіне және өсімдік ішінде таралуына мүмкіндік бермейді. Өсімдік ұлпаларында біркелкі тарала отырып, инфекцияның ұзақ уақыт бойы дамуын тежейді.
Экономикалық маңызы бар аурулардан жан-жақты қорғау
ЦЕРИАКС ПЛЮС құрамындағы үш әсер етуші заттың әрқайсысы өз класы бойынша жоғары тиімділікке ие және дәнді және дәнді-бұршақты дақылдардың экономикалық маңызы бар ауруларына қарсы жоғары немесе жақсы тиімділік көрсетеді.
Осылайша, фунгицид компоненттерінің әрқайсысы екіншісінің әсер ету спектрін толықтырады. Үш әсер етуші заттың заманауи препаративтік формада біріктірілуі олардың препарат құрамындағы бірлескен әсерін (синергизмін) күшейтеді. Соның арқасында ЦЕРИАКС ПЛЮС фунгициді дәнді дақылдардың, сояның, бұршақтың және басқа да дәнді-бұршақты дақылдардың ауруларына сенімді әрі тиімді бақылауды қамтамасыз етеді.
Ауа райы жағдайларына жоғары бейімділік
ЦЕРИАКС ПЛЮС препаратының препаративтік формасы арнайы бейімдеуші компоненттер қолданылатын патенттелген Stick & Stay технологиясы негізінде жасалған. Олардың әсер етуші заттармен үйлесуі препаративтік форманы бірегей етеді.
Алдыңғы буын препаративтік формасымен салыстырғанда жаңа формуляция жұмыс ерітіндісінің тамшыларының жапырақ бетіне лезде бекіп, 60 секундтан аз уақыт ішінде жұқа қабықша түрінде біркелкі таралуына мүмкіндік береді. Өңделетін беттердің тиімді жабылуы әсер етуші заттардың жапырақ ұлпаларына жылдам енуіне, емдік әсер көрсетуіне және өсімдіктерді патогендерден қорғауына мүмкіндік береді.
Өндіруші:
BASF СЗР
Өнім түрі:
Фунгицидтер



